Абай облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 47 іс ашылды
Абай облысында биыл қызметтік иттердің көмегімен 47 іс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі қоғамда құқық қорғау органдарының тиімді жұмысы үшін түрлі әдістер мен құралдар қолданылады. Солардың бірі — қызметтік иттер. Олар полиция қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Кинологиялық орталықтың қызметкерлері қызметтік иттерді жаттықтыру арқылы полиция қызметкерлеріне көмек көрсетіп, қауіпті жағдайларда өздерінің нақты міндеттерін орындауға көмектеседі.
Қазіргі таңда Абай облысы бойынша 22 қызметтік ит полиция қызметінің тиімділігін арттыруға септігін тигізуде. Бұл қызметтік иттер түрлі тапсырмаларды орындауға үйретілген және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін аса маңызды рөл атқарады.
2024 жылы Абай облысындағы полиция қызметінің қызметтік иттерімен әртүрлі санаттағы 47 іс ашылды. Бұл көрсеткіш қызметтік иттердің полиция қызметіндегі маңызды рөлін және олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін айқын көрсетеді.
– Қызметтік иттер полицияның жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Олар тек қылмыстарды ашумен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау, терроризмге қарсы күрес және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында маңызды қызмет атқарады. Полиция қызметкерлері мен кинологтар қызметтік иттермен бірлесіп, көптеген қауіптер мен қатерлерді болдырмау үшін жұмыс істейді, – деді Абай облысы ПД Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Тугомбаев Дулан.