Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында борышкер әке түзелуге мүмкіндік алды

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Абай облысында борышкер әке түзелуге мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына жарияланған рақымшылық аясында Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынына түзелуге мүмкіндік берілді.

Ер азамат бес жыл бойы кәмелетке толмаған бес жасар қызы мен жеті жасар ұлына алимент төлеуден жалтарып келген. Осы уақыт ішінде оның қарызы 6,5 млн теңгеден асты. Сот шешімімен ол бір жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасына тартылды.

Абай облысының Маканшы аудандық пробация қызметіне есепке қойылғаннан кейін сотталғанға бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Пробация қызметкерлерінің қолдауымен ол аудандық кәсіпорындардың біріне жұмысқа орналастырылды, ал жалақысының бір бөлігі алимент қарызын өтеуге бағытталды.

Пробация қызметкерлерімен әңгіме барысында осы ер азамат жасаған қателігіне өкінетінін айтып, балалар алдындағы қарызын мүмкіндігінше тезірек өтеуге тырысатынын жеткізді. Сондай-ақ ол бостандыққа шыққаннан кейін тұрақты жұмыс тауып, отбасына оралғысы келетінін айтты.

- Бостандығым шектелгеннен кейін түсіндім – алимент төлемей, балаларымды қамтамасыз етпегенім дұрыс болмағаның өкінетін. Бұл жылдар бойы өзіме жұмсаған қаржыны балаларымды асырауға бағыттауым керек еді. Енді рақымшылық арқылы түзелуге мүмкіндік алып отырмын, болашақта ешқашан алимент қарызыма жол бермеймін, – деді сотталған.

- Біздің басты міндетіміз – тек жазаның орындалуын бақылау ғана емес, сонымен қатар сотталғанның өз қателігін түсінуіне, қоғамға бейімделуіне және қалыпты өмірге қайта оралуына көмектесу. Бұл жағдайда біз оң өзгерістерді байқап отырмыз: осы азамат жұмысқа орналасты, табысының бір бөлігін алимент өтеуге бағыттап отыр және отбасымен қарым-қатынасын қалпына келтіруге ниет білдіруде, - деді Мақаншы пробатция бөлімінің бастығы Танысбаев Данияр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру