Абай облысында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды
Абай облысында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қазаннан 19 қарашаға дейін Абай облысында биологиялық ресурстардың заңсыз айналымына қарсы және экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алуға бағытталған республикалық "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен Мемлекеттік табиғат қорғау полициясының аумақтық бөлімшелері өңірдің жануарлар дүниесі мен табиғи ресурстарын қорғауға бағытталған бірқатар рейдтік және профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырды.
Жедел-профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 105 фактісі анықталды. Оның ішінде:
63 жағдай аң аулау ережесін бұзуға,
15 жағдай балық аулау ережесін бұзуға,7 жағдай тіркелмеген қаруды қолдануға,
4 жағдай өзге табиғат қорғау заңнамасын бұзуға қатысты.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері экология саласында 3 қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Абай облысында полиция биоресурстардың сақталуын қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және табиғат қорғау заңын бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра береді.
