Абай облысында “Егемендік шежіресі” тақырыбында фотокөрме таныстырылды
Абай облысында полицейлер “Жас сақшы” сыныбын “Егемендік шежіресі” фотокөрмесімен таныстырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысында полицейлер “Жас сақшы” сыныбының оқушыларын “Егемендік шежіресі” атты фотокөрмемен таныстырды.

Іс-шараның мақсаты – ел тәуелсіздігінің тарихын дәріптеу, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін арттыру және олардың тарихи санасын қалыптастыру болды.
Көрме барысында қатысушыларға еліміздің егемендік жылдарындағы маңызды тарихи кезеңдерді бейнелейтін фотосуреттер мен деректі материалдар ұсынылды.
Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңінде құқық қорғау органдарының атқарған қызметін, ішкі істер органдарының дамуын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі полицияның рөлін айқындайтын фотоматериалдар көрсетілді.
Полиция қызметкерлері оқушыларға құқық қорғау органдарының негізгі міндеттері, қоғаммен өзара іс-қимыл бағыттары және құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Іс-шара соңында оқушылар фотокөрмедегі материалдармен танысып, ел тарихы мен полиция қызметінің қоғам өміріндегі маңызды рөлі жөнінде мол мағлұмат алды. Абай облысының полицейлері мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақты құқықтық мәдениетке баулуға және заңға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
