Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында «Ekin Patrol» жылжымалы кешенінің жұмысы таныстырылды

Абай облысында «Ekin Patrol» жылжымалы кешенінің жұмысы таныстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкері Ернар Мотов «Ekin Patrol» жаңа құрылғысының қалай жұмыс істейтінін айтып берді.

Бізге «Ekin Patrol» аппараттық-бағдарламалық кешені пайдалануға берілді. Бұл кешен қызметтік автокөлікке орнатылады. 9 қауіпсіздік камерасы қызметтік көліктің үстіндегі түрлі-түсті жарқылдатқыш құрылғысында орнатылған, оның ішінде 4 камера – бейне түсіру және 4 камера – фото түсіру, 9-камера автомобиль салонында орналасқан, бұл полиция қызметкерлерінің әрекеттерін іштен түсіруге мүмкіндік береді. Алдыңғы камералар бейне түсіруді жүзеге асырады, егер көлік жылдамдықты асырып  жүрсе, онда бұл туралы деректер планшетке де түседі: қызыл шеңберде бұзушы жүретін жылдамдық саны пайда болады. Бұл ретте ақпарат полиция серверіне қайталанады, ал жүргізушіге айыппұл салынғаны туралы SMS келеді, – деді полиция қызметкері.

Полицейлер планшет арқылы да рұқсат етілген жылдамдықты реттейді: қалада 71 км/сағ және елді мекендерден тыс трассаларда 111 км/сағ. Тәртіп сақшысы жаңа кешеннің жұмысының артықшылығын атап өтті, «Ekin Patrol» жүйесінің өзіне тән ерекшелігі – полиция көлігінде мотор өшірілген болса да, стационарлық режимде жұмыс істейді. Бұл формат жол-көлік оқиғаларының өсуі байқалған жолдың апаттық учаскелеріне қойылған кезде ыңғайлы.

Техника 360 градусқа шолуды қамтитындай етіп жасалған. Цифрлық технологияларды пайдалану құқық бұзушылықтардың алдын алудың ең тиімді тетіктерінің бірі және қылмысты жедел ашудың маңызды құралы саналады. Полиция жұмысына енгізіліп жатқан заманауи технологиялар Абай облысында жұмысқа тартыла бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру