Абай облысында экологиялық тәртіпті сақтау шаралары күшейтілуде
Абай облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде жалғасып келеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 13 163 экологиялық құқық бұзушылықты анықтап, олардың жолын кесті. Әрбір анықталған дерек бойынша заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданып, сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
https://youtu.be/1xEgtEK4SXs?si=VKxKncH1pVAFtSqH
Табиғатты қорғау - тек бір мекеменің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Қоршаған ортаның тазалығы әр азаматтың саналы әрекетіне тікелей байланысты. Осы орайда әрбір тұрғын өз үйінің ауласынан бастап, көшелер мен қоғамдық орындарды таза ұстауға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға дағдылануы тиіс. Өйткені тазалық тәртіптен басталады, ал тәртіп адамның сана-сезімі мен тәрбиесінен қалыптасады.
Табиғатқа қамқорлық жасау - болашақ ұрпаққа деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен тазалығы бүгінгі таңда қабылданатын шешімдер мен нақты әрекеттерге байланысты. Сондықтан әрбір азамат табиғатты қорғауға өз үлесін қосып, заң талаптарын сақтауға және экологиялық тәртіпті нығайтуға атсалысуы маңызды.
