Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында электрлі самокат мінген тұрғын жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Абай облысында электрлі самокат мінген тұрғын жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 шілдеде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз ер адамның автокөлік көпірінің көліктер қатынайтын жерінде самокатпен жол ережесін бұзғаны туралы бейнеролик анықталды.

Аталған дерекке қатысты облыс орталығының 29 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі бойынша жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Абай облысының полицейлері жол ережесін қатаң түрде сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру