Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ер адам көлік астына түсіп, көз жұмды

Абай облысының Көкпекті ауданында ер адам көлік астына түсіп, көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 тамызы күні сағат 22:22 шамасында «102» арнасына облыс орталығының 46 жастағы тұрғынынан Жансары ауылының маңындағы Көкпекті – Васильев өткелі тас жолымен жүріп келе жатып, көлігімен тас жолда отырған белгісіз бір адамды қағып кеткені туралы хабарлаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам сол жерде алған дене жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру