Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ер адам танысының қаржысын заңсыз өзінің шотына аударып алған

Абай облысында ер адам танысының қаржысын заңсыз өзінің шотына аударып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының 25 жастағы тұрғыны танысынан өзінің телефонында байланыс ұстамай мобильды қосымшаға кіре алмай тұрғанын өтірік айтып, оның шоты арқылы ақша аударып алайын деп оның телефонын алдап сұрап алған. Содан кейін мобильді қосымшаны пайдаланып, жәбірленушінің атынан 1 млн 500 мың теңгеге несие рәсімдеп алып, жәбірленушіге 10 мың теңге қалтырған, "бұл шотты пайдаланғаны үшін алғыс айтамын" деп сендіріп оқиға орынынан кетіп қалған.

Сот оны кінәлі деп тауып, оған бір жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырды.

– Семей қаласының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде абайсызда қылмыс жасаған және зорлық-зомбылыққа байланысты емес қылмыстар жасаған сотталғандар жазасын өтейді, бұл жол қозғалысы ережелерін бұзған, көлік құралын алкогольдік, есірткілік мас күйінде басқарған және қаржы пирамидаларын құрған адамдар.  Қазір мұнда жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жас аралықтары 19 жастан 73 жасқа дейін, өтеу мерзімі 6 айдан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Мекемеге келгеннен кейін сотталғандар сұрыптау бөлімінде ұсталады, олармен тәртіп жене тәрбие жұмыстары жүргізіледі, сұрыптау бөлімі аяқталғаннан кейін оларды мекеме аумағында және одан тыс жерлерде орналасқан ұйымдарға жұмысқа орналастырады, - дейді арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Абзал Жанаспаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру