Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ересектердің қарауынсыз өзенге шомылып жүрген балалар анықталды

Абай облысында шомылу маусымы кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында полиция мен төтенше жағдайлар қызметінің бірлескен профилактикалық рейдтері жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осындай іс-шаралардың бірінде, атап айтқанда, Үржар ауданында тәртіп сақшылары мен құтқарушылар ересектердің қарауынсыз өзенге шомылып жүрген балалар тобын анықтады. Құқық қорғау және құтқару қызметінің өкілдері балалармен түсіндіру жұмысын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамаларды таратты және мұндай әрекеттердің қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Профилактикалық рейдтер маусым соңына дейін жалғасады. Полиция мен құтқарушылар ата-аналарды балаларды өз бетінше суға жібермеуге және судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру