Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында есепте тұрған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай облысында есепте тұрған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсуат ауданында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар нақты шаралар қолға алынды. Аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторлары пробациялық және әкімшілік бақылауда тұрған тұлғалармен жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл тізімге сот шешімімен мінез-құлқына шектеу қойылғандар мен қорғау нұсқамасы шығарылған азаматтар кіреді.

Полицейлер мұндай тұлғаларды тұрғылықты мекенжайларында аралап, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру және ескерту әңгімелерін өткізуде. Мұндай жұмыс — азаматтар арасындағы қайталанатын тұрмыстық жанжалдар мен қылмыстардың жолын кесудің тиімді тетігі.

– Әрбір есепте тұрған азаматпен жеке жұмыс жүргізіледі. Біз тек бақылап қана қоймай, заңға бағынудың маңыздылығын түсіндіреміз. Бұл — қоғамдағы қауіпсіздік пен тыныштықты сақтаудың басты шарты, – дейді учаскелік инспекторлар.

Профилактикалық бағыттағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да қарқынды жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру