Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында есепте тұрған сотталғандарға музейге экскурсия ұйымдастырылды

Абайдың 180 жылдық мерейтойын атап өту аясында Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандар үшін Абай атындағы музейге экскурсия ұйымдастырды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы қазақ ақыны, ағартушысы және ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарға арналған мәдени-ағартушылық іс-шара өткізді.

Іс-шара аясында қатысушылар Қазақстандағы ірі музейлердің бірі – Абайдың "Жидебай - Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейін аралап көрді. Сотталғандар ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін экспонаттармен танысып, экскурсоводтар Абай мұрасының Қазақстанның рухани және мәдени дамуы үшін маңызы, ағартушылық жолындағы еңбегі мен ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлі туралы айтып берді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар мұндай бастамалар сотталғандарды рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуге, мәдени дамуына, тарихи мұра мен ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға ықпал ететінін атап өтті.

Семей қаласының Орталық аудандық пробация қызметінің бастығы Ержан Есполатовтың айтуынша, пробация қызметінің жұмысы тек бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алумен шектелмей, сонымен қатар сотталғандардың әлеуметтік бейімделуі мен жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауды да қамтиды. Абай атындағы музейге бару осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру