Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында есептегі сотталған тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Абай облысында есептегі сотталған тәртіп бұзғаны үшін жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

33 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотталып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

Жазасын өтеу үшін сотталған әйел Абай облысындағы әйелдер колониясына жеткізілді. Үлгілі тәртібі, ішкі тәртіп ережелерін сақтағаны және жазасының нақты бөлігін өтегені үшін, сот үкімімен оның бас бостандығынан айыру жазасы 1 жыл 10 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды.

Сотталған әйел пробация қызметіне есепке қойылып, оған жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілген болатын. Алайда, бұған қарамастан, ол жазаны өтеу шарттарын бұзып, белгіленген уақытта тіркеуге келмеген және тұрғылықты мекенжайында болмаған. Осыған байланысты оның жазасы – бас бостандығын шектеу – бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, қалған 1 жыл 7 ай мерзімін колонияда өтеу белгіленді.

Қазіргі уақытта ол Абай облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеуде.

— Карантиндік бөлімнен шыққан соң, ол мекеменің наубайхана цехына жұмысқа орналастырылады, – деп хабарлады арнайы бөлім бастығы Светлана Голикова.

— Пробация қызметіне есепке тұрған соң, жазаны өтеудің қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін толық сезіне алмадым. Бұрынғы достарыммен қайта араласып, бұрынғы өмірімді еске түсіріп, бостандықтың қадірін білмей, тағы да осы жерге қайтып келдім. Ал шын мәнінде жұмысқа орналасып, еркін өмір сүріп, ешқандай ереже бұзбай, қалыпты өмір сүруіме болар еді, – деп сотталған әйел өз ойымен бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру