Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Абай облысында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті,  - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінде есірткі құқы қбұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша Кеңестің алғашқы отырысы ұйымдастырылды. Бұл Кеңес мемлекеттік құрылымдар, қоғам және жастардың есірткімен күресте күш біріктіруіне арналған маңызды алаң болып табылады.

Кеңес құрамына қоғамға ықпал ете алатын, беделді әрі белсенді азаматтар, соның ішінде Қазақстан Республикасының танымал спортшылары, журналистер мен блогерлер, дәрігерлер мен кәсіпкерлер кірді.

Абай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Дүйсембай Байбусунов тиімді күрес тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның қатысуынсыз мүмкін болмайтынын атап өтті.

"Есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу – бұл тек полицияның ғана міндеті емес. Бұл – ата-аналар мен ұстаздардан бастап, бұқаралық ақпарат құралдары мен жастар көшбасшыларына дейін бәрінің ортақ жауапкершілігі. Барша болып күш біріктіргенде ғана біз азаматтарымызды қорғап, қауіпсіз болашақ құра аламыз, – деді ол.

Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы ерте есірткіге тәуелділік, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері және интернет кеңістігінде есірткінің таралуына қарсы іс-қимыл мәселелері ерекше назарда болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру