Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында ірі көлемде айыппұлы бар жүргізуші құрықталды

Абай облысында ірі көлемде айыппұлы бар жүргізуші құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің патрульдік полиция қызметкерлері Азат Оразбаев пен Мейіржан Жақсыбек Алматы – Өскемен автожолында ВАЗ-21110 автокөлігін тоқтатты.

Көлік тізгінінде болған Өзбекстан Республикасының азаматының әкімшілік айыппұлдар бойынша қарызы бір млн теңгеден асатыны анықталды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік қарыз толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды.

Абай облысы полиция департаменті әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру