Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында көлікті мас күйде тізгіндеген ер адам ұсталды

Абай облысында көлікті мас күйде тізгіндеген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 1681 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады. Оның ішінде 23 жағдай көлікті мас күйде басқарумен байланысты.

Соңғы құқық бұзушылық Абай ауданында тіркелді. Рейд барысында орта дәрежедегі алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды. Полицейлер құқық бұзушылықты құжаттап, оқиға орнынан бейнематериал дайындады. Бұл бейне басқа жүргізушілерге ескерту және сабақ болу үшін ұсынылды.

Әрбір құқық бұзушылық – жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін қауіп. Полицейлер жол қауіпсіздігін тәулік бойы бақылауды жалғастыруда және мұндай құқық бұзушылықтар жазасыз қалмайтынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру