Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында колонияға ақша кіргізбек болған тұрғын анықталды

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Семей қаласындағы №20 мекемеде автокөлікке жүргізілген тексеріс кезінде ақша өткізудің жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға құрылыс материалдарын өндірістік аймаққа жеткізу кезінде болған. Тексеру барысында КАМАЗ автокөлігінің ішінен қолма-қол ақша табылған. Кейін белгілі болғандай, 57 жастағы Семей тұрғыны бұл қаражатты колония аумағына кіргізіп, бейтаныс адамның өтінішін орындамақ болғанын мойындады.

— Жүргізуші жасаған ісін мойындады. Қазір бұл азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылды, — дейді мекеменің жедел бөлім бастығы Сұңғат Абраев.

Айта кетейік, түзеу мекемелерінде тыйым салынған заттар мен ақша қаражатын жеткізугу болмайды. Бұл туралы мекеме қызметкерлері келушілерге үздіксіз еске салып отырады. Десе де, осындай теріс қылықтар тыйылмай тұр. Мұндай әрекеттердің алдын алу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінде жүйелі түрде бақылау күшейтіліп, профилактикалық шаралар жүргізілуде. Қызметкерлердің жедел қимылының арқасында кезекті заңсыз әрекеттің жолы дер кезінде кесілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру