Абай облысында колонияға тыйым салынған затты өткізбек болған азамат анықталды
Абай облысында колонияға шұлыққа жасырып ақша кіргізбек болған азаматтың әрекеті әшкереленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №23 мекемесінде сотталған адамға тыйым салынған затты беруге талпынған дерек тіркелді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға барысында Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны туған әпкесіне сәлемдеме жолдаған. Алайда мекеме қызметкерлері оны тексеру кезінде шұлықтың ішінен жасырылған ақшаны анықтады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, бұл – мекеме ішіне тыйым салынған затты енгізу әрекеті болып саналады. Аталған факт бойынша құқық бұзушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды.
- Мекеме аумағына заңмен тыйым салынған кез келген затты әкелуге қатаң шектеу қойылған. Бұл тәртіп – сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен мекеме ішіндегі тәртіпті сақтау үшін енгізілген, – деп атап өтті №23 мекеме тәртіп бөлімінің бастығы Балнұр Ахметханова.
Мұндай жағдайлар түзету мекемелерінде үнемі бақылауда ұсталады. ҚАЖL қызметкерлері алдағы уақытта да тәртіп бұзушылықтың жолын кесіп, мекеме ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастырады.