Абай облысында контрафактілік алкоголь мен темекінің ірі партиясын тасымалдаудың жолы кесілді
Абай облысында контрафактілік алкоголь мен темекінің ірі партиясын тасымалдаудың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ертіс өткізу пунктінде жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өңір аумағында контрафактілік алкоголь мен темекінің заңсыз айналымының жолын кесті.
Облыстық орталықтан шыққан кезде стационарлық бекетте полицейлер шетелдік маркалы автокөлікті тоқтатып, оны тексеру кезінде арнайы акциздік маркалары жоқ темекі өнімдері мен спиртті тапты.
Құқықтық тәртіп сақшылары тиісті құжаттарсыз 70 блок темекі және құрамында 180 литр мөлшерінде алкоголь бар ыдыстар бұйымдарын тәркіледі.
Кейіннен жүргізуші контрафактіні ауылдық жерлерге жеткізгені анықталды.
Тәркіленген алкоголь мен темекі Абай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне жауапты сақтауға берілді.
Барлық мән-жайларды анықтау үшін материал экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.