Абай облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін сату фактісі тоқтатылды
Абай облысында контрафактілік алкоголь өнімдерін сату фактісі тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Семей қаласында ҰҚҚКБ қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз әрекетін әшкереледі. Ол жертөле бөлмесінде контрафактілік алкоголь өнімдерін жасап, оны сатуды ұйымдастырған.
Оперативті шаралар барысында 358 литр спирт және 650-ден астам бөтелкеге құйылған дайын алкоголь өнімдері тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.