Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында көші-қон қызметі азаматтарға тұрақты түрде көмек көрсетіп жатыр

Абай облысында көші-қон қызметі азаматтарға тұрақты түрде көмек көрсетіп жатыр — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға және 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарымен жүрген тұлғаларға көмек көрсету жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл бағытта Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі белсенді іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 16 жасқа толған әрбір азаматтың жеке куәлігі болуы міндетті. Бұл талап азаматтың қай жерде тұратынына қарамастан қолданылады. Алайда әртүрлі себептермен жеке куәлігін рәсімдемеген немесе КСРО кезінен қалған құжатпен жүрген адамдар әлі де бар. Осындай азаматтарға құқықтық көмек көрсету, жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу – көші-қон қызметінің басты міндеттерінің бірі.

Абай облысында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері көші-қон қызметі басқармасы 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорттарымен жүрген 17 азаматқа Қазақстан Республикасының жеке куәліктерін рәсімдеп берді. Бұл азаматтар енді толыққанды заңды тұлғалар ретінде мемлекеттік қызметтерді пайдалана алады, әлеуметтік қолдаулар мен медициналық көмектерге қол жеткізе алады.

Полиция жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға өз тұрғылықты жеріндегі көші-қон қызметіне жүгінуге кеңес береді. Онда оларға заң аясында қажетті кеңестер мен көмек көрсетіледі. Құжаттандыру процесі – азаматтың құқықтық мәртебесін айқындап, ел өміріне толық араласуына жол ашады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру