Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында күштік құрылымдар арасында шағын футболдан турнир өтті

Абай облысында күштік құрылымдар арасында шағын футболдан турнир өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің бастамасымен және "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамы филиалының қолдауымен Полковничий аралында шағынспортты футболдан дәстүрлі турнир өтті.

Турнир "Динамо" ДШСҚ филиалы төрағасының кубогы үшін ұйымдастырылып, өңірдегі күштік және арнайы құрылымдар арасындағы бірлікті нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Биылғы сайысқа полиция департаментінің әртүрлі бөлімшелері мен аймақтағы құқық қорғау және арнайы органдарынан құралған 12 команда қатысты. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты ойындармен ерекшеленді.

Турнир нәтижесінде бас жүлде – бірінші орын Абай облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің командасына бұйырды. Екінші орынды Арнайы күзет қызметі басқармасының командасы иеленсе, үшінші орын полиция департаменті командасына берілді.

Жекелеген аталымдар бойынша да үздіктер анықталды:
– Үздік шабуылшы – Мұрагер Берікқазиев ;

– Үздік қорғаушы – Ернұр Мұхметов ;

– Үздік қақпашы – Ұлан Ақашев .

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, дипломдар, мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтар табысталды.

Аталған турнирдің басты мақсаты – қызметкерлердің дене дайындығын арттырып, командалық рухты нығайту, спортқа деген қызығушылықты дамыту және салауатты өмір салтын дәріптеу. Бұл бағытта ҚР Ішкі істер министрлігі мен Абай облысы полиция департаменті тұрақты түрде жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Жарыс өзара сыйластық пен әділ бәсекеге негізделіп, қатысушыларға және көрермендерге жағымды көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру