Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында мансап орталығының қызметкерлері сотталғандарға дәріс өткізді

Абай облысында мансап орталығының қызметкерлері сотталғандарға дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері жазасын өтеуші азаматтарға әлеуметтік бейімделуге қолдау көрсету мақсатында маңызды іс-шара ұйымдастырды. Олар 2026 жылдың 1-жартыжылдығында босап шығатын сотталғандар үшін мансап орталығы өкілімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мансап орталығының маманы Нуркан Майтканов сотталғандарға бос жұмыс орындары, мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін қолдау түрлері, кәсіптік оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.

Сонымен қатар мамандар түйіндеме жазу, сұхбатқа дайындалу, өзін-өзі ұсыну тәсілдері бойынша кеңес берді. Кездесуге қатысқан сотталғандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мағлұматтар алды.

 Мұндай шаралар жазасын өтеп шыққан азаматтардың қоғамға қайта қосылуына, әлеуметтік ортаға сәтті бейімделуіне ықпал етеді, – дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Қызметкерлер атаулы іс-шара арқылы сотталған азаматтардың босатылғаннан кейінгі өмірге бейімделуіне көмектесу, тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасау және қайта қылмыс жасау қаупін азайтуды көздеді.

Әрбір азаматқа жаңа өмір бастауға мүмкіндік беру жолында мекеме әкімшілігінің іс-әрекеттерін толығымен құптаймын. Өз кезегімізде мүмкіндігінше әрбір босап шыққан азаматқа көмек беруге әзір екенімізді айтамын, – дейді мансап орталығының маманы Майтканов Нуркан.

Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, алдағы уақытта да сотталғандарды әлеуметтік қолдауға бағытталған осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізілетін болады. Бұл олардың қайта қылмыс жасау деңгейін төмендетуге және қоғамға толыққанды оралуына ықпал етеді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру