Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында марқұм полицейдің құрметіне “Жас сақшы” сыныбы ашылды

Абай облысында марқұм полицейдің құрметіне “Жас сақшы” сыныбы ашылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсулат ауылындағы К.Нұрбаев атындағы орта мектепте полиция саласының ардақты өкілі, өз ісінің шебері, көп жыл бойы аудандық полиция бөлімінде абыройлы қызмет атқарған Жақсылық Мауытханұлы Рахметовтың есімі берілген арнайы “Жас сақшы” сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Өкінішке қарай, жас полицейдің өмірі мезгілсіз үзілді. Дегенмен, оның жарқын бейнесі әріптестері мен жерлестерінің жадында мәңгі сақталады.

Іс-шараға аудан әкімдігі мен білім бөлімінің өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері, марқұмның туыстары мен жақындары қатысты.

Ақсулат аудандық полиция бөлімінің бастығы Әділет Бауржанов “Жас сақшы” сыныбына қабылданған оқушылардан салтанатты түрде ант қабылдады.

Шараға қатысушылар аталған сыныптың ашылуы жас буынның бойында отансүйгіштік қасиетті, азаматтық жауапкершілікті және қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысты тәрбиелеуге септігін тигізетінін атап өтті.

Жақсылық Мауытханұлының құрметіне орай шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру