Абай облысында мас күйінде көлік жүргізген азамат ұсталды
Абай облысында мас күйінде көлік жүргізген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қауіпсіз жол» ЖПІШ өткізу барысында Жарма ауданы Шар қаласы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ш.С. Хайбулин Әуезов кентінде жұмыс жүргізіп, MAZDA 626 көлігін байқады. Полицей көлікті тоқтатып, құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісін сезді. Медициналық куәландыру жүргізілгеннен кейін азаматта алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі анықталды.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша хаттама толтырылды.
Көлік жүргізген мас адамға 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.