Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында мекеме қызметкерлері ҚАЖ зейнеткерін кәсіби мерекесімен құттықтады

“Жасақ бастығы күнін” мерекелеу қарсаңында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері, жасақ бастығы болып 10 жылдан астам қызмет еткен қылмыстық-атқару жүйесінің зейнеткерін құттықтауға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекемеде қызметкерлердің, мереке күндері зейнеткерлерге баруы игі дәстүрге айналған. Бұндай шара олар үшін ілтипаттың белгісі ғана емес, сонымен қатар зейнеткерлердің адал еңбегіне көрсетілген құрметі.

Зейнеткер Мұрат Құлжекенов 1954 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 1980-1997 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару басқармасының ОВ-156/14 мекемесінде қызмет етті.

1980 жылы Семей қаласындағы СЕ-165/2 мекемесіне еркін жалдамалы шебер болып орналасқан ол, кейін аттестатталған лауазымға ауысып, отбасын құрады. Оның мінезі мен қызметіне деген жауапкершілігін байқаған мекеме басшылығы оны колония бастығының кезекші көмекшісі лауазымына тағайындады. Осы қызметте бірнеше жыл қызмет еткен Мұрат Құлжекенов жасақ бастығы қызметіне ауыстырылып 1997 жылы зейнеткерлікке шығады.

– 80-ші жылдардың ортасында мекемеде жазасын өтейтін сотталғандар саны 1500-ден асатын, бізде жасақ бастықтары бөлімінде 10 қызметкер ғана болатын, сотталғандармен жұмыс істеу бізге қызық болатын. Өйткені, мекемеде сотталғандарды бірінші болып карантин бөлімінің бастығы қарсы алады, оның негізгі міндеті – сотталған туралы ақпарат жинау. Жасақ бастығы оқу процесін бақылап қана қоймай, мекеме аумағындағы барлық іс-шаралардың негізгі ұйымдастырушысы. Қызмет еткен жылдары бірнеше марапатқа ие болып, бүгінде 4 ұлымнан 6 немере сүйіп отырмын. Балалар менің жолымды қуған жоқ, олар мүлдем басқа мамандықтарды таңдады. Биыл 70 жасқа толдым, зейнеткерлікке шыққаныма 27 жыл болды. Бүгін туған күніммен және жасақ бастығы күнімен мекеме қызметкерлерінің келіп құттықтағанына бір жасап қалдым, – дейді Мұрат Құлжекенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру