Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық автошеру өтті

Абай облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық автошеру өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ақсуат ауданында елдік рухты дәріптеген ерекше автошеру ұйымдастырылды. Бұл игі шараның басты мақсаты — мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттырып, азаматтардың бойында ұлттық сана мен патриоттық сезімді нығайту болды.

Патриоттық автошеруді Ақсуат аудандық полиция бөлімі бастамашы болып өткізді. Шерудің алдыңғы шебінде полицияның қызметтік көліктері сап түзеп, көк байрақты желбіретіп көш бастап жүріп өтті. Бұл бастаманы аудан тұрғындары, жастар ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері де қолдап, өз көліктерімен колоннаға қосылды.

Жалпы саны 30-ға жуық автокөлік қатысқан шеру Ақсуат ауылының басты көшелерімен жүріп өтті. Жол бойындағы тұрғындар патриоттық шеруге ыстық ықыластарын білдіріп, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен бірлік рухын айқын көрсетті.

Бұл тағылымды шара — ел Тәуелсіздігі мен біртұтастығының белгісі саналатын рәміздерге деген терең құрметтің көрінісі ғана емес, сонымен қатар жастардың бойына отансүйгіштік рухты дарытатын өнегелі бастама болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру