Абай облысында онлайн есірткі саудасына қарсы белсенді күрес жүргізілуде
Абай облысында онлайн есірткі саудасына қарсы белсенді күрес жүргізілуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу – құқық қорғау органдары жұмысының басым бағыттарының бірі.
Қазіргі уақытта Абай облысы полиция департаментінің бастамасымен және прокуратураның үйлестіруімен есірткі сату жүзеге асырылатын интернет-ресурстар мен олардың банктік шоттарын анықтап, бұғаттау мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде.
Аталған міндеттерді іске асыру үшін полиция департаменті базасында арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына прокуратура, тергеу бөлімшелері мен жедел қызмет өкілдері кірді. Жұмыс тобы күнделікті түрде жаңа есірткі дүкендерін және оларға байланысты қаржы ағындарын анықтап, бақылау жүргізуде.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде есірткі сатушылар қолданған 300-ден астам банктік карта бұғатталып, жалпы сомасы 45 миллион теңгеден астам қаражатқа шектеу қойылды.
Құқық қорғау органдары цифрлық технологияларды қолдана отырып, есірткі таралуының жолын кесу бойынша жүйелі және мақсатты жұмыстарын жалғастыруда.