Абай облысында орманнан ағашты заңсыз кескен күдіктілер анықталды
Абай облысында орманнан ағашты заңсыз кескен күдіктілер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бесқарағай ауданының табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Семей орманы» инспекторларымен бірлесіп, рейд жүргізу барысында ұзындығы 6 метр, әр түрлі диаметрлі жаңа кесілген қарағай бөренелерімен тиелген тіркемесі бар МТ3 тракторын тоқтатты.
Тиісті тексеру кезінде жүргізуші жалған құжаттарды ұсынды. Заңсыз ағаш кесуді жүзеге асыруда ауданның тағы 4 азаматы анықталды. Келтірілген залал сомасы 530 мың теңгеден асты.
Аталған факт Қазақстан Республикасы ҚК-нің екі бабы бойынша, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны немесе бүлдіргені, елеулі залал келтіргені үшін, сондай-ақ көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды.