Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында аналар кеңесінің отырысы өтті

Абай облысының полициясы отбасыны қолдау және кәмелетке толмағандарды қорғау мәселелері бойынша аналар кеңесінің отырысына қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаржы-экономикалық колледжінің базасында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында отбасыны қолдау, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, педагогтар, психологтар, сондай-ақ аналар кеңесінің белсенді мүшелері қатысты. Кездесудің басты тақырыбы балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау тетіктері, отбасылық қолайсыздықтың алдын алу және өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру болды.

Баяндамамен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімі бастығы Виталий Каверин баяндама жасап, отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын, оның негізгі себептері мен туындау жағдайларын түсіндірді. Отырыс қатысушылары отбасылардың кездесетін өзекті проблемаларын талқылап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша профилактикалық шараларды күшейту, полиция мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастығын дамыту, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға құқықтық және психологиялық қолдауды кеңейту бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

Абай облысының полициясы әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру