Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында өткен жылы интернет-алаяқтыққа қарсы 250-ден астам дәріс өткізілді

Абай облысында өткен жылы интернет-алаяқтыққа қарсы 250-ден астам дәріс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Абай облысы полиция департаменті интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың цифрлық сауатын арттыру бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізді.

Қоғамда кең таралып келе жатқан онлайн алаяқтық түрлеріне қарсы күрес мақсатында өңір полицейлері жыл бойы ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде ұйымдастырды. Атап айтқанда, жыл ішінде интернет-алаяқтық тақырыбында 250-ден астам семинар мен дәріс өткізілді. Бұл кездесулер медициналық және білім беру ұйымдарында, мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ кіші және орта бизнес өкілдері арасында ұйымдастырылды.

Іс-шаралар барысында қызметкерлерге алаяқтықтың кең таралған схемалары, жеке деректерді қорғау жолдары және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері жан-жақты түсіндірілді. Полицейлер нақты өмірлік мысалдар келтіре отырып, интернет кеңістігінде жиі кездесетін қауіп-қатерлерге тоқталды.

Сонымен қатар азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау, жеке және банктік деректерді бөгде адамдарға бермеу жөнінде практикалық ұсыныстар берілді. Қоғам өкілдерімен тікелей байланыс орнату арқылы полиция қызметкерлері азаматтардың сенімін нығайтып, киберқауіпсіздік мәселесіне деген жауапкершілікті күшейтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру