Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицей әйелдер арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті

Абай облысында полицей әйелдер арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Абай облысында әйел полиция қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті. Арнайы дайындық және атыс бойынша сайысты Арнайы даярлық және жұмылдыру басқармасы “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің кәсіби дағдыларын арттыру, олардың дене дайындығын нығайту, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы әйелдердің маңызды рөлін атап көрсету болды.

Полиция қызметкерлері атыс қаруынан оқ ату, қаруды қауіпсіз қолдану және психологиялық дайындық бойынша шеберліктерін паш етті. Байқау барысында дәлдік, жылдамдық және жинақылық талап етілетін күрделі жаттығулар орындалды, ал қатысушылар жоғары кәсіби деңгейлерін көрсетті.

Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бейбіт Исаков мұндай іс-шаралар әйел офицерлердің кәсіби өсуіне ғана емес, сонымен қатар командалық рухты нығайтуға, олардың өзіне деген сенімділігін арттыруға және ішкі істер органдарындағы әйелдердің маңызды рөлін айқындауға ықпал ететінін атап өтті.

38 полиция қызметкерінің арасынан ең мерген және ептілер анықталды. “Үздік атқыш” номинациясында Курчатов қаласы ПБ ЖПҚБ аға инспекторы Жадыра Заргумбаева өз шеберлігін көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Үржар ауданы ПБ УҰИ полиция қызметкері Жазира Құсайынова еншілесе, үшінші орынды бірден екі қатысушы – ЖҚАЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Қымбат Ақашева және Семей қаласы ПБ ЖПҚБ инспекторы, полиция лейтенанты Камила Кенжебаева бөлісті.

9 мм ПМ қаруын бөлшектеу-жинау жылдамдығы мен шеберлігі бойынша үздік нәтиже көрсеткен Жарма ауданы ПБ ТБ тергеушісі Наргиз Айдарханова жеңімпаз атанды. Күміс жүлде ЖҚАЖ инспекторы Данара Кинайатқызына бұйырды. Ал үшінші орынды Бородулиха ауданы ПБ УҰИ старшинасы Зарина Кубаева мен Үржар ауданы ПБ УҰИ полиция қызметкері Жазира Құсайынова өзара бөлісті, осылайша ол өзінің әмбебаптығы мен жоғары дайындығын тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Бұл жарыс тек үздіктерді анықтап қана қоймай, сонымен қатар полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі, төзімділігі мен жетілуге деген ұмтылысының жарқын үлгісіне айналды.

Сайыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар мен грамоталар табысталды. Байқау кәсіби шеберлікті таныту алаңы ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау жүйесіндегі әйелдердің маңыздылығын тағы бір мәрте еске салатын маңызды оқиға болды. Полиция қызметкерлері өздерінің жоғары деңгейдегі қызметтік міндеттерін атқаруға әрдайым дайын екенін дәлелдеп, табандылық, дәлдік және жетілуге деген ұмтылысын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру