Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер алаяқтықпен ірі көлемде ақша жымқырған күдіктіні ұстады

Абай облысының полицейлері ананың сенімін пайдаланып, ірі көлемде ақша алған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласында полицейлер 30 жастағы жергілікті тұрғынды алдап, ірі сомадағы қаржысын иемденген әйелді анықтады. Тергеу мәліметінше, 42 жастағы қала тұрғыны танысына қызына төмен бағамен хирургиялық ота жасатуға көмектесетінін айтып, сеніміне кірген.

Жәбірленуші оның сөзіне сеніп, күдіктіге 2 миллион теңге берген. Алайда уәде орындалмай, операция жасалмаған. Ал алынған ақша күдіктінің жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Жәбірленуші алданғанын білген соң полицияға шағымданған. Күдікті ұсталып, тергеу барысында өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ірі мөлшерде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағылық танытуға шақырады. Алаяқтар көбінесе сенімге кіріп, адамдардың жақындарына көмектесуге деген ниетін пайдаланады. Сондықтан ақша немесе құнды зат бермес бұрын ақпаратты ресми көздерден тексеріп, уәделерге соқыр сенім білдірмеу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру