Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер әскери қызметшілермен кездесті

44793, 28738 әскери бөлімдерінде және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында есірткімен күрес және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық дәріс өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу әскери қызметшілердің есірткі қолдану мен киберқылмыстарға байланысты қазіргі заманғы қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Жиын барысында есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Гаухар Еспаева және Абай облысы ПД киберқылмыспен күрес тобының аға жедел уәкілі Тимур Ельчубаев сөз сөйледі. Әңгіме барысында есірткінің ағзаға әсері туралы айтып, нашақорлық жеке адамға да, бүкіл қоғамға да елеулі қауіп төндіретінін атап өтті.

Құқықтық түсіндіру әңгімесіне 64031 әскери бөлімінің аға офицері Ван Станислав және әскери-тергеу басқармасының аға жедел уәкілі Ернар Масалимов те қатысып, әскери қызметшілерге өз ұсыныстары мен кеңестерін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру