Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер есірткі жасырып кетуші екі жас жігітті ұстады

Абай облысында полицейлер есірткі жасырып кетуші екі жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке тінту барысында студенттерден ақ түсті ұнтақ заты бар оқшаулағыш таспамен оралған 75 зип-пакет табылып тәркіленді.  

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес,  жеке тінту барысында алынған заттың құрамында салмағы – 68,78 грамм мефедрон психотроптық затының аналогы, “меткатинон” психотроптық затының аналогы.

 Студенттердің бірінің телефонын тексеру барысында телефонда күдікті кэш бетбелгілері бар фотосуреттер табылды, оларға сәйкес оқиға орнын тексеру барысында ақ түсті ұнтақ заты бар оқшаулағыш таспамен оралған 30 байлам табылып тәркіленді.

Сондай-ақ екінші студенттен жасырын бетбелгілердің болжамды орындары бар фотосуреттер табылды, оған сәйкес оқиға орнын тексеру барысында ақ түсті ұнтақты затпен оқшаулағыш таспамен оралған 50 байлам табылып тәркіленді.  

Сараптама қорытындысына сәйкес оқиға орындарын тексеру барысында алынған зат құрамында салмағы – 71,78 грамм мефедрон психотроптық затының аналогы, “меткатинон” психотроптық затының аналогы.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Студенттерге мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру