Абай облысында полицейлер ІІО ардагерінің үйіне арнайы барып қайтты
Абай облысында полицейлер ІІО ардагерінің үйіне арнайы барып қайтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Көкпекті аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ішкі істер органдарының ардагері, тыл еңбеккері Петр Васильевич Чуркинді арнайы барып құттықтады.
1 сәуір күні Петр Васильевич 88 жасқа толды. Ол өмірінің көп бөлігін ішкі істер органдарына арнаған. Көкпекті аудандық бөлімінде тергеуші қызметін атқарып, 1988 жылдың желтоқсан айында зейнетке шыққан.
Полиция қызметкерлері ардагерді туған күнімен құттықтап, адал еңбегі мен қызметіне алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыстады. Сонымен қатар оның ауласында сенбілік ұйымдастырып, үй маңын ретке келтіруге көмек көрсетті.
Мұндай кездесулер ардагерлерге деген құрметтің белгісі ғана емес, сонымен қатар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, заңдылық пен тәртіп жолында еңбек еткен жандардың ерлігін еске сақтаудың маңызын еске салады.