Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер мектеп оқушыларымен кездесті

Абай облысында полицейлер мектеп оқушыларымен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактика жылы және “Жасөспірім” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жәнтікей ауылында мектеп оқушылары мен ата-аналар Ақсуат аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Ернар Қайырғазымен кездесті.  

Еркін, бірақ маңызды әңгіме барысында полицей жасөспірімдермен буллинг, агрессивті мінез-құлық, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектердің ілесуінсіз түнгі уақытта көшеде жүруіне жол берілмейтіні жөнінде өзекті тақырыптарды қозғады. Ата-аналарға балалардың мінез-құлқына деген жауапкершілігі ескертілсе, оқушыларға — құқық бұзушылықтардың салдары туралы айтылды.

— Әр баланың дұрыс таңдау жасауға мүмкіндігі бар. Бұл – өзіңе және айналаңдағы адамдарға деген құрмет, бұл – саналы шешім. Егер жанында қолдау білдіретін ересектер болса, ол таңдау міндетті түрде жақсылыққа жетелейді, — деді тәртіп сақшысы.

Жасөспірімдер және ата-аналармен профилактикалық кездесулер облыстың барлық мектептерінде жалғасуда. Мақсат ортақ — өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта құру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру