Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер мектеп оқушыларымен маңызды кездесу өткізді

Абай облысында полицейлер мектеп оқушыларымен маңызды кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы гимназиясында Абай облысының тәртіп сақшылары жасөспірімдермен ашық әңгімелесу үшін бас қосты. Кездесудің басты мақсаты – есірткі қылмысының қауіптілігі туралы ескертіп, жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру.

Полицейлер қылмыстық топтардың көбінесе жасөспірімдерді өз мақсаттарына пайдаланатынын атап өтті. Олар жеңіл ақша табу мүмкіндігін ұсынып немесе қызығушықты оятып, жасөспірімдерді заңсыз әрекеттерге итермелейді. Әсіресе, есірткі жасырын орындарға қойып тарататын "жасырын таратушылар" мәселесі қозғалды. Полицейлер мұндай әрекеттер ауыр қылмыс саналып, оның жазасы өте қатаң екенін ескертті.

Кездесу еркін диалог форматында өтті. Оқушылар белсенділік танытып, маңызды сұрақтар қойды. Кейбіреулері полиция қызметінің қалай жұмыс істейтінін білгісі келсе, енді біреулері қиын жағдайға тап болғанда не істеу керектігін сұрады. Полицейлер барлық сұрақтарға толық жауап беріп, көмекке қайда жүгінуге болатынын түсіндірді.

Осындай кездесулер мектептерде жиі өткізіледі, өйткені ақпараттандыру – жастарды қауіпті қадамдардан сақтаудың ең тиімді жолы. Мұндай шаралар жасөспірімдерге қауіп-қатерді түсініп, өздерін қорғаудың нақты әдістерін үйретеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру