Абай облысында полицейлер мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін тексерді
Абай облысында полицейлер мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жүргізілген талдауға сәйкес Абай облысы бойынша 501 жалпы білім беретін мекеме бар, оның 315-і көше-жол желісіне жақын орналасқан.
Жолдарда, жол және техникалық инспекция бөлімшелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы білім беретін, мектепке дейінгі мекемелер орналасқан жерлерде және оларға іргелес аумақтарда көше-жол желісінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының пайдалану жай-күйіне 530 тексеру жүргізілді.
Тексеру нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен жол ұйымдарына 257 нұсқама жіберілді. 481 дана «Назар аударыңыз балалар» жол белгілері орнатылды, жалпы білім беру мекемелерінің алдындағы 167 метр жасанды төмпешіктер жаңартылды, 449 дана 3.24 «ең жоғары жылдамдықты шектеу» жол белгілері орнатылды.
– Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда. Өңірде мүдделі мемлекеттік қызметтердің арнайы топтары құрылды, олар жалпы білім беретін оқу орындарына іргелес жатқан жол учаскелерін олардың жарақтандырылуына тексеру жүргізді. Сондай-ақ патрульдік нарядтардын орналастыру әзірленді, олар оқу басталған сәттен бастап мектептерде қызмет атқаратын болады, жол қозғалысын үйлестіреді және оқушыларға жолдан дұрыс өтуіне көмектеседі, – деп атап өтті Бекторе Сұлтан.