Абай облысында полицейлер мереке қарсаңында профилактикалық жұмысты күшейтті
Абай облысында полицейлер мереке қарсаңында профилактикалық жұмысты күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл меркесі қарсаңында Абай ауданының полицейлері сауда нысандарының иелерімен, сондай-ақ профилактикалық есепте тұрған азаматтармен алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Негізгі мақсат — тұрмыстық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу. Мұндай құқық бұзушылықтардың едәуір бөлігі алкогольдік масаң күйде жасалатыны белгілі. Түсіндіру жұмыстары барысында кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін түнгі уақытта сатуға тыйым салатын заң талаптары, сондай-ақ белгіленген нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіледі.
Сонымен қатар құқық бұзушылық жасауға бейім азаматтармен жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде. Оларға қоғамдық орындарда және тұрмыста өзін ұстау ережелері, алкогольді ішімдіктерді тұтынудың салдары, сондай-ақ заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік түсіндірілді.
Полиция тұрғындарды мерекелік күндерді тыныш әрі қауіпсіз өткізуге, айналасындағыларға құрметпен қарап, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Қақтығыс жағдайлары немесе қауіп төнген кезде полицияға бірлен хабарласу қажет.
