Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер оқушылар мен студенттерге кинология орталығына экскурсия ұйымдастырды

Абай облысында полицейлер оқушылар мен студенттерге кинология орталығына экскурсия ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жасөспірімдер арасында есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Абай облысы ПД полиция қызметкерлері жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне кинологиялық қызмет орталығында экскурсия ұйымдастырды.

Жас қонақтарды Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қарсы алды. Олар балаларды кинолог мамандығының ерекшеліктерімен таныстырды, төрт аяқты шәкірттерді ұстау шарттары мен жаттығу процесі туралы айтты. 

Тергеу-жедел топ құрамында кинологпен бірге қылмыстардың қалай ашылатыны туралы әңгімеге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ полиция қызметкерлері кинологтың жұмыс ерекшелігін атап өтті.

Кинологиялық қызмет қызметкерлері мен олардың төрт аяқты тәлімгерлері кедергілерді еңсеру, есірткі заттарын, қаруды табу, сондай-ақ қылмыскерді ұстауды қамтитын иттерді оқыту курсын көрсетті. Келушілер қызметтік иттердің командаларды мінсіз орындауына таң қалды.

Командаларды көрсеткеннен кейін мектеп оқушылары мен колледж студенттері кинологпен және оның төрт аяқты достарымен сөйлесті. Балалар итті қалай дұрыс үйрету керек, тамақтану ерекшелеріне және кинолог қызметіне қызығушылық танытты.

Іс-шара соңында балалар төрт аяқты үй жануарларын еркелетіп, олармен суретке түсуге мүмкіндік алды. Экскурсия келушілерге көптеген жағымды эмоциялар мен әсер қалдырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру