Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер өзге өңірдің тұрғынына көмектесті

Абай облысының полицейлері боранды түнде жолда қалып қалған өзге өңірдің тұрғынына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында полиция қызметкерлері қолайсыз ауа райы жағдайында жолда қиындыққа тап болған азаматқа көмек көрсетті.

Бородулиха аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Біржан Баяхметов Бородулиха – Шемонаиха автожолында қарлы боран салдарынан жолда қалып қойған көлік жүргізушісіне жедел көмек көрсетті.

Шемонаиха қаласының тұрғыны жеке автокөлігімен жолға шыққан кезде ауа райының күрт нашарлауына байланысты қозғалысын жалғастыра алмай қалған. Қалың қар мен қатты жел салдарынан көлік жолдан шығып, қарға батып қалған.

Полиция қызметкері оқиға орнына жедел жетіп, көліктің қозғалуына кедергі келтірген қарды күрекпен тазалап, кейін қызметтік автокөліктің көмегімен оны қауіпсіз жерге шығарып алды. Нәтижесінде жүргізушіге қажетті көмек көрсетіліп, жол қозғалысы қалпына келтірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру