Абай облысында полицейлер қысқы маусымға дайындықты бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Суық кезеңде қызметтік автокөліктердің қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Абай облысы полиция департаментінде автокөлік саптық байқауы өтті.
Комиссиялық тексеріс барысында патрульдік автокөліктердің, арнайы техниканың және барлық бөлімшелердің кезекші машиналарының техникалық жай-күйі мұқият қаралды.
Полиция департаменті бастығының орынбасары Игорь Локотко дөңгелектердің жағдайына, соның ішінде қысқы шиналарға ауыстырылуына, тежеу жүйесінің, жарық беру құрылғылары мен жарқылдақ шамдардың, аккумуляторлар мен жылыту жүйесінің, әйнек тазалағыштар мен қауіпсіздік белдіктерінің жарамдылығына ерекше көңіл бөлді.
Сонымен қатар жеке құрам бойынша инспекция алғашқы көмек қобдишаларының, өрт сөндіргіштердің, апаттық белгілердің толық болуын, сондай-ақ сүйрету арқандары мен қарсы тұру құралдарының бар-жоғын тексерді.
Тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырмалар беріліп, автокөліктер желіге шығарылмай тұрып ақауларды түзету міндеттелді. Жүргізушілерге көктайғақта және көріну шектеулі жағдайда қозғалыс қауіпсіздігін сақтау жөнінде нұсқама өткізілді. Сондай-ақ қысқы шиналарға қойылатын техникалық талаптар мен жолға шығар алдындағы күнделікті тексеріс тәртібі еске салынды.
- Қысқы маусым қызметтік автокөліктердің техникалық дайындығына жоғары талап қояды. Әрбір машинаның жарамдылығы — экипаждың шақыртуға жедел келуі мен азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін маңызды фактор, — деп атап өтті департамент өкілдері.
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері қызмет етіп келеді.