Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер сарбаздарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өткізді

Абай облысында полицейлер сарбаздарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында ҚР ҚК Әскери-техникалық мектебінің сарбаздарымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға Абай облысы полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс басқармасы бастығының орынбасары Асхат Слямов, сондай-ақ жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкерлері қатысып, заң талаптарын қатаң сақтау, адал қызмет ету, тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығы жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында “Qyzmet-Police.kz” ақпараттық платформасының мүмкіндіктері таныстырылып, ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу тәртібі, қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері, құжаттарды қабылдау тәртібі және қызметке қабылдау рәсімдерінің ашықтығы туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Сондай-ақ сарбаздар полиция органдарында болашақта қызмет атқаруға байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты әрі толық жауаптар алды. Мұндай форматтағы кездесулер жас сарбаздардың кәсіби бағдарын айқындап қана қоймай, құқық қорғау саласында адал, жауапты және ел мүддесіне қызмет етуге деген ынтасын арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру