Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер студенттерге нашақорлықтың зияны туралы айтты

Абай облысында полицейлер студенттерге нашақорлықтың зияны туралы айтты, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері мен облыстық прокуратура өкілдері Семей қаласындағы “Авиценна” медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесудің басты мақсаты – жастарды қауіпті қадамнан сақтандыру, оларға дұрыс таңдау жасауға көмектесу. Полиция мен прокуратура қызметкерлері студенттерге есірткі заттарын қолданудың ауыр зардаптары туралы – денсаулықтың бұзылуы, арманның жойылуы және өмірдің қиратылуы жайлы түсінікті тілмен айтып берді. Сондай-ақ тыйым салынған заттарды сақтау, тарату және қолданғаны үшін көзделген қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Болашақ медицина қызметкерлерімен өткен бұл кездесу ашық әрі мазмұнды өтті. Студенттер айтылған мәліметтерді үлкен қызығушылықпен тыңдап, түрлі сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті, өмірлік мысалдар келтірді. Жастардың белсенділігі мен шынайы қызығушылығы – профилактикалық шаралардың нәтижелі екенінің айғағы.

Кездесу соңында спикерлер жастарға салауатты және белсенді өмір салтын таңдаудың – табысты болашақтың, мықты қарым-қатынастардың және шынайы жетістіктердің кепілі екенін еске салды.

Облыс аумағындағы оқу орындарында аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мүмкіндігінше көп жасөспірімді қамтитын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру