Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер студенттермен профилактикалық кездесу өткізді

Абай облысында полицейлер студенттермен профилактикалық кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері қоғам белсендісі Серік Байғалиевпен бірлесіп, Семей медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – адам саудасына қарсы іс-қимыл және жастар арасындағы буллингтің алдын алу болды.

Шара барысында полиция өкілдері адам саудасының түрлері мен белгілері, қанаудың нысандары, адамдарды арбау тәсілдері және олардан қорғану жолдары жөнінде кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ жеке қауіпсіздікті сақтау, жұмысқа орналасу кезінде және интернет арқылы байланыс орнатқанда сақтық шараларын қадағалау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Қоғам белсендісі Серік Байғалиев жастардың азаматтық белсенділігін арттырудың, зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Ол студенттерді адам құқықтарының бұзылуына бейжай қарамауға және мұндай жағдайлар туралы дер кезінде хабарлауға шақырды.

Осындай кездесулер полицияның жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған тұрақты профилактикалық жұмыстарының бір бөлігі болып табылады

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру