Абай облысында полицейлер Тастау тауына шықты
Абай облысында полицейлер Тастау тауына шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан полициясы күніне орай Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңірдегі ең биік шыңдардың бірі — Аксуат ауданында орналасқан, теңіз деңгейінен 2992 метр биіктіктегі Тастау тауына символикалық түрде көтерілді.
Аталған бастама республикалық "Заң мен Тәртіп" айлығы аясында ұйымдастырылып, полиция қызметкерлерінің тек физикалық шыдамдылығын емес, сонымен қатар рух биіктігін, парызға адалдық пен ұйымшылдықты көрсетуге бағытталды. Көтерілу оңайға соқпады — тік жартастар, құбылмалы ауа райы мен тасты жол нағыз сынға айналды. Алайда тәртіп сақшылары бір-біріне демеу болып, иық тіресе жүріп, бұл сынақтан абыроймен өтті.
Шың басында Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көтеріліп, Абай өлкесінің әсем табиғатын аясында естелік суретке түсірілді.