Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер тәулік ішінде екі борышкердің тұрған жерін анықтады

Абай облысында полицейлер тәулік ішінде екі борышкердің тұрған жерін анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының полиция басқармасына жеке сот орындаушыларынан сот шешімімен бекітілген материалдық шығынды өндіру туралы атқарушылық құжаттарды орындаудан жалтарған екі борышкерге қатысты іздеу жариялау жөнінде қаулы түсті. Іздестірілушілердің бірі 1 300 мың теңге, екіншісі 1 700 мың теңге көлеміндегі шығынды өтеуге міндеттелген. Жалпы қарыз сомасы – 3 млн теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай облысы ПД көші-қон қызметінің қызметкерлері ҚР ІІМ ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, 35 және 42 жастағы Семей қаласының тұрғындарының нақты мекенжайын анықтады. Борышкерлердің бірі Астана қаласынан, екіншісі Қарағанды облысынан табылды.

Олардан жеке сот орындаушыларының шақыруына келу туралы қолхат алынды. Қарызды өндіру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жалғастырылады.

Жыл басынан бері Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшелері жеке сот орындаушылары жариялаған 165 борышкердің тұрған жерін анықтады.

Полиция атқарушылық құжаттарды орындаудан жалтару әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру