Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер түнгі уақытта жасөспірімдерге бақылауды күшейтті

Абай облысында полицейлер түнгі уақытта жасөспірімдерге бақылауды күшейтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының полицейлері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізді.

Тәртіп сақшылары ойын-сауық орындарын, сондай-ақ жасөспірімдер жиі жиналатын қоғамдық жерлерді тексерді. Заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмағандарға заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемелерінде, ал 23:00-ден кейін көшеде жүруге тыйым салынады.

Рейд барысында аталған талаптарды бұзудың 8 дерегі анықталды. Оның ішінде жасөспірімдердің 23:00-ден кейін көшеде, ал 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз жүргені белгілі болды. Бұдан бөлек, түнгі тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бұзудың 2 фактісі, сондай-ақ жасөспірімдердің қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйде жүрген 2 жағдайы тіркелді. Барлық құқық бұзушылар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ата-аналарына хабар берілді. Екі жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Абай облысының полициясы мұндай шаралар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ олардың қатысуымен жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен бірге ата-аналарға балалардың бос уақытын қадағалап, түнгі уақытта жүрген жерлеріне жіті назар аудару қажеттігі қатаң ескертіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру