Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында полицейлер заңсыз еңбек күшін тартудың 138 дерегін анықтады

Абай облысында полицейлер заңсыз еңбек күшін тартудың 138 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысының аумағында 13 қазанынан бастап "Заңсыз келуші – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды түрде өтіп жатыр. Бұл іс-шара облыстың барлық аудандары мен қалаларында тиісті құқық қорғау және көші-қон қызметтерімен бірлесіп ұйымдастырылып, заңсыз еңбек қатынастары мен көші-қон режимінің бұзылуының алдын алу мақсатында кешенді тексеру және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Аталған іс-шара барысында бүгінгі күнге дейін заңсыз еңбек күшін тарту бойынша 138 дерек тіркеліп, полицейлер олардың жолын кесті. Заңсыз еңбек күшіне тарту фактілері көбінесе шетелдік азаматтардың көші-қон режимін бұзуы, тиісті рұқсаттарсыз еңбек етуі немесе жұмыс берушілердің заңсыз еңбек күшін тартуымен байланысты.

Абай облысында полицейлер заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу мақсатында ары қарай да белсенді профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Сонымен қатар жұмыс берушілер мен азаматтарды заңды талаптарды сақтауға, еңбек қатынастарын ресімдеуде заңнамалық нормаларды қатаң ұстануға шақырады.

Полиция өз кезегінде тұрғындарды заң талаптарын орындауға жауапкершілікпен қарауға және кез келген заңсыз әрекет туралы ақпаратты тиісті органдарға хабарлауға шақырады. Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және заңға бағыну – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру